Get Adobe Flash player

.

Жаңалықтар

Қашан да халықтың қазынасы саналатын Қарттар күні яғни қазан айы ауданымызда қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету айлығы болып, бүгінде дәстүрлі іс шаралардың біріне айналып отыр. Сарқылмас ақыл-парасатпен таусылмас мол өнеге-өсиеттің шырағы ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз әрқашан ел құрметінен тыс қалған емес.
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі бастауыш партия мүшелері үш жылдан бері төраға Н.Тлембаеваның бастамасымен мекеме жанына бау-бақша егіп, жаз бойы күтімін жасайды да күз айында жиналған өнімді қарттар күні қарсаңында жалғыз басты қарттарға арнайы дайындалған сыйлықтарын тапсырып, құрметтерін көрсетеді. Биыл да мереке қарсаңында осы дәстүрлі іс- шара өз жалғасын тапты.

Подробнее...

     Бүгін қыркүйектің соңғы күндерінің бірі.
     Рухымыз күздің күні ерекше бір күйге келе ме қалай? Көлік ішінде сырттағы суық күзгі күн деуге келмейтін, шуақты күн рухымызды орап, жылытқандай болады.
Тамылжыған табиғат-адамзат жанына табылмас емші.Табиғаттың берер сыйы, мінез танытар тұстары да көп. Соның бірі күз мезгілі. Күз-ырыс-несібенің жиналып, қамбалардың толығуымен ерекшеленеді. Күрең күздің тамылжыған жаймашуақ күнінде Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі басшысы жетекшілік жасайтын экспедиция мүшелері жұмыс жоспарына сәйкес Ырғыз өңіріне ерекше жұмбағы мол –Жаманшыға жолға тартты. «Мың естігеннен бір көрген артық»- деп ұлы ақын Абай айтқандай ту5ан жердің сыры ашылмаған жерлерінің тарихымен танысу,тарихи мағлұмат жинау мақсатында барған экспедиция мүшелерін Ырғыз аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әлібек Іскендірұлы бастаған ұжым қызметкерлері қарсы алып Жаманшыға жол бастады. Жол бойы жауын-шашынсыз ашық болды. Таза ауамен тыныстап, бір серпіліп қалғандай болдық. "Қазақтың бойындағы кең пейілділік осы шексіз де шетсіз болып көрінетін кең даладан дарыған-ау" деген ойға кеттім. Әр түрлі ойға жетелейтін мына бір көріністерге сіздер де куә болыңыздар.

Подробнее...

Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи