Get Adobe Flash player

.

Көпшілік шаралар

Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз. Халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрды. Сол себепті, Тәуелсіздік күні – баршамыз үшін, күллі қазақстандықтар мен әлемнің барлық қиырындағы достарымыз үшін ұлы мереке.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев
Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы армандаған, аңсаған азат күні бұдан 25 жыл бұрын яғни 1991 жылы арманы асқақ қазақ елінің әрі қарай дамуына, өркендеп өсуіне жол ашты. 25 жыл ішінде Қазақстан әлемге танылған, даңқы асып, айбыны асқақтаған мемлекетке айналды. Бұл біріншіден мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сауатты, көрегенділік саясатының жемісі, екінші азаттықтың қадір-қасиетін жан-тәнімен түсінген аузы бір қазақ елінің жеткен жетістігі.
Ғасырлар бойы алаш еліне арман болған тәуелсіздік,егемендік халық рухын биікке көтеріп,әлемге қазақ елінің бар екенін таныта білді. Сондықтан бүгінгі күні қазақ елі тәуелсіздік алған күнді ерекше атап өтуді басты назарда ұстауда.
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нағима Тлембаеваның ұйымдастыруымен Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде 2016 жылдың 28 қазан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған “Тәуелсіздік-мәңгілік елдің ұлы тарихы” - атты аудандық семинар өтті.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекшеленетін болса семинар өткен күн бейне бір көктемнің шуақты тамылжыған күніндей болды.

Подробнее...

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі мен №8 мектеп мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қолөнер шебері Айдос Мұратовтың – 135 жылдығына орай, шебердің ұрпақтары, ұстаздар, оқушылардың қатысуымен жас ұрпаққа қазақ халқының ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан өнегелі әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени мұрасын, қолөнер шеберінің туындыларымен таныстыру, насихаттау мақсатында «Хас шебердің қолтаңбасы» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Барлығы 500-дей көрермен болды.
Музей төрінен орын алып тұрған қолөнер шеберінің туындылары (асадал, сықырлауық есік, сандық, жәшік, перде ілгіштер), тарихи-деректер қойылған көрме жасақталды. Кеш барысында Бегімбет ауылында тұратын немере ұрпағы Бортаев Тыныштықбай Бортайұлы шебер туралы айтқан видео ролик көрсетіліп, өмір жолынан көрініс қойылды. Немересі Атағұла Ілиясұлы атасы жайында естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар музей қызметкері Әлима Қыдыралина көрмеге қойылған құнды мұралардың тарихымен таныстырды. Кеш соңында №8 мектеп директоры Рита Басмағанбетова кешке қатысуларға, ұрпақтарына алғысын білдірді. Ән мен жырдан шашу шалып кеш тартымды өтті.

Подробнее...

Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи