Get Adobe Flash player

.

Көпшілік шаралар

9 МАМЫР Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі “Ешкім ешқашан ұмытылмайды”  атты мерекелік шара өткізді. Шараға еңбек ардагерлері, соғыс ардагерлерінің     ұрпақтары, мекеме, бөлім басшылары, тарих жанашырлары, мектеп директорлары қатысты. Шара аясында музей ішінен батырлар мен соғыс ардагерлеріне арналған арнайы залдың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Подробнее...

«Музейдің жас ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы атқаратын ролі»

 Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтежелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме  ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.Музей ісін насихаттау барысында  «Музейдің жас ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы атқаратын ролі» атты тақырыпта «Ең үздік мұрағатшы» және «Үздік мектеп музейі-2014» байқау-семинары болып өтті. Байқау-семинар  мектеп музейінің жұмыс белсенділігін арттыру мен тәжірибе тарату, рухани адамгершілік, отансүйгіштік, құқықтық тәрбиесін насихаттап жүрген мұражайда жұмыс жасайтын мұрағатшылардың озық іс-тәжірибесін тарату мақсатында өткізілді.  Байқау-семинар қала, ауыл мектеп мұрағатшыларының арасында өтті. Сайысқа барлық типтегі мектептер қатысты. Білім, өнер бәйгесінде сыналған мұрағатшылар өздерінің сауаттылығын, еңбекке деген құлшыныстарын сайыста көрсете білді.

Подробнее...

Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи