Get Adobe Flash player

.

Көпшілік шаралар

1-мамыр Бірлік, Ынтымақ күні

 Міне, жарқырап жаз да келді. Дүниенің бәрі көкке малынып, күн ысып, өсімдік атаулы қаулап өсе бастады. Сондай мамыражай күннің бірі бүгінгі 1-мамыр күні. Табиғат ана жұмыр басты пендеге барынша жылуын шашып, адамдарды достыққа, бірлікке, бауырмалдыққа шақырғандай жылы шырай танытуда. Осы жылылықтан бастау алған мамырдың алғашқы күніндегі мерекелік шеруге қала халқы бір үлкен тойға әзірлік жасағандай, ерекше көңіл күймен шеру өтетін көшеге қарай ағылуда. Бірі әр ұлттың киімін киіп, енді бірі қызметтеріне сай киінген.

 

            Мамырдың бірі, достық күні

            Ән салып, билеген халықтың үні.

            Тұтасып, тойлаған ұлттар,

            Керемет мереке, мамырдың бірі.

            Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке.
Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды.
Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады.

1 мамыр – Қазақстан Халқының бірлігі күніне арналған Шалқар қаласының Есет Көтібарұлы көшесінде өткен қалалық шеруге қызу дайындықпен қаладағы түрлі мемлекеттік мекемелер, білім ордалары, кәсіпорындар қатысып өз үлестерін қосты. Солардың бірі Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі де аталмыш шеруге қатысып, әскери киім киінген ұжым қызметкерлері сап түзеді және алаңға жиналған жұртқа 1917 жылдары соғыс қаруы, музей үйі алдында тұрған пушкіні машинаға орналастырып бірнеше мәрте әуеге оқ ату көрінісін көрсетті, барша халықтың назарын аударды. Мерекелік шеруге шыққан аудандық тарихи-өлкетану музейі ұжымын «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», музей директоры Нағима Тлембаева бастап шығып, мінбеде тұрған аудан басшысына, соғыс, еңбек ардагерлеріне әскер тәртіппен амандасып өтті. «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін.

.

 


Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи