Get Adobe Flash player

.

Көпшілік шаралар

Қашан да халықтың қазынасы саналатын Қарттар күні яғни қазан айы ауданымызда қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету айлығы болып, бүгінде дәстүрлі іс шаралардың біріне айналып отыр. Сарқылмас ақыл-парасатпен таусылмас мол өнеге-өсиеттің шырағы ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз әрқашан ел құрметінен тыс қалған емес.
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі бастауыш партия мүшелері үш жылдан бері төраға Н.Тлембаеваның бастамасымен мекеме жанына бау-бақша егіп, жаз бойы күтімін жасайды да күз айында жиналған өнімді қарттар күні қарсаңында жалғыз басты қарттарға арнайы дайындалған сыйлықтарын тапсырып, құрметтерін көрсетеді. Биыл да мереке қарсаңында осы дәстүрлі іс- шара өз жалғасын тапты.

Бұл іс-шараға бастауыш партия ұйымының мүшелері: аудандық мәслихат аппарат басшысы С.Шақшабасов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының орынбасары Н.Исмаилова, қала әкімшілігінен А.Алдабергенов және Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері қатысты. мәслихат аппарат басшысы С.Шақшабасов, Бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Ә.Қыдыралина қарттарды мерекелерімен құттықтады. Берілген тізім бойынша сегіз қартқа сый-сияпат көрсетілді. Жыл сайын назардан тыс қалмай сый көріп келе жатқандарына қарттардың атынан ризашылығын білдірген Қисықов Нурадин ақсақал көңілі босап, көзіне жас алып, шын ықылас ниетімен ақ батасын берді. Қарттарымызды сыйлау – ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан дәстүр.


Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи