Get Adobe Flash player

.

Көпшілік шаралар

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі мен №8 мектеп мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қолөнер шебері Айдос Мұратовтың – 135 жылдығына орай, шебердің ұрпақтары, ұстаздар, оқушылардың қатысуымен жас ұрпаққа қазақ халқының ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан өнегелі әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени мұрасын, қолөнер шеберінің туындыларымен таныстыру, насихаттау мақсатында «Хас шебердің қолтаңбасы» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Барлығы 500-дей көрермен болды.
Музей төрінен орын алып тұрған қолөнер шеберінің туындылары (асадал, сықырлауық есік, сандық, жәшік, перде ілгіштер), тарихи-деректер қойылған көрме жасақталды. Кеш барысында Бегімбет ауылында тұратын немере ұрпағы Бортаев Тыныштықбай Бортайұлы шебер туралы айтқан видео ролик көрсетіліп, өмір жолынан көрініс қойылды. Немересі Атағұла Ілиясұлы атасы жайында естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар музей қызметкері Әлима Қыдыралина көрмеге қойылған құнды мұралардың тарихымен таныстырды. Кеш соңында №8 мектеп директоры Рита Басмағанбетова кешке қатысуларға, ұрпақтарына алғысын білдірді. Ән мен жырдан шашу шалып кеш тартымды өтті.

 


Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи