Get Adobe Flash player

.

Көпшілік шаралар

Шалқар ауданы, Қотыртас бекетінен 7 шақырым жерде орналасқан
Ақайұлы Ақтан батыр (1770-1854жж) кесенесіне экспедиция. Ақайұлы Ақтан батыр (1770-1854жж) кесенесіне экспедиция.
Мақсаты: XVIII - XIX ғасырларда қазақ халқының тәуелсіздігі жолында аянбай күресіп, бар өмірін ат үстінде өткізген Кіші жүздің атақты, аруақты батырларының бірі, орыс патшаларының отарлау саясатына қарсы күрескен атақты қолбасшы Жанқожа Нұрмағамбетұлының сенімді серігі, бас батыры -әрі батыр, әрі әулие, әрі данагөй Ақтан Ақайұлы туралы насихаттау.
Ағымдағы жылдың сәуір айында өткен «Асқақ рухты Ақайұлы Ақтан батыр» атты республикалық конференцияның бағдарламасындағы II-бөлімге сәйкес, 4-ші қараша күні музей басшысы Н.Тлембаеваның басшылығымен Ақтан баба кесенесіне экспедиция ұйымдастырылды.
Экспедиция барысында аталмыш конференция материалдары топтастырылған «Тарихқа тұнған туған өлкем» атты кітаптың тұсау кесері болды. Ақтан батырдан тараған Ақболат ұрпағы Өмірзақ атамен сұхбат жүрігізіліп таспаға жазып алынды. Музей басшысы ақсақалдың иығына шапан жауып, кітапты естелік сыйға берді. Батыр ұрпақтарының бірі Ж.Қ.Тлеуқұлов өз білгендерімен бөлісіп, ризашылығын білдірді. Баба ұрпақтары ас беріп, құран бағыштады.
Қатысқандар: М.Қоқанұлы атындағы мешіт имамы Б.А.Тойшыбаев, Ақтөбе өңіріндегі баба ұрпақтары, музей қызметкерлері, ауыл ардагерлері.

 

 

Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи