Get Adobe Flash player

.

Көпшілік шаралар

"Қазалы құндылықтары Шалқарда" атты жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру " мақаласы аясында Шалқар қаласында өткен "Асқақ рухты Ақайұлы Ақтан батыр"атты республикалық конференция барысында ата-бабаларымыздың еңбегімен келген тарихи-мəдени жəдігерлерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы музейлер арасында өзара ынтымықтастық туралы келісім шартқа қол қойылды. Осы келісім шарт негізінде арадағы байланысты жаңғырту, музейлер арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінен құнды экспонаттардан құралған "Ұлы даланың рухани мұрасы" атты жылжымалы көрме Қазалы қаласы халқына көрсетілген болатын. Қазіргі таңда екі аудан арасындағы ынтымақтастықтың нəтежиесінде Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы музейден əкелінген экспонаттардан Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде "Қазалы құндылықтары Шалқарда" тақырыбында жасақталған жылжымалы көрме көрермендерге бір ай мерзімге ұсынуда.

 

 

Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи