Get Adobe Flash player

.

Көпшілік шаралар

«Нұрлы жол – Ұлттық тарихқа бастар жол» акциясы
аясында «Өткеннің қазынасы - болашаққа» атты кеш

Елбасымыз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы!» деген болатын. Бүгін міне, Президентіміздің сындарлы саясатын қолдаудағы, әр бастамасына үн қосудағы ісіміздің бір көрінісі музей жұмысын жан-жақты дамыту, жас ұрпақты ата-бабаларымыздың жасап кеткен мәдени мұра байлықтарымен таныстыру, насихаттау және қоғамның рухани жетілуіне ықпал жасау мақсатында «Нұрлы жол-Ұлттық тарихқа бастар жол» акциясы аясында «Өткеннің қазынасы - болашаққа» атты тақырыпта шара өтті. Шараға аудан әкімшілігінен, білім бөлімінен,

Қазанғап Тілепбергенұлының өнерін насихаттаушы, Кәдірәлі Ержановтың шәкірті Жансүгіров Жұмабай мен жыр-дастандарды жатқа айтып бүгінгі күнге жеткізуші, жыршы Алмағанбетов Қойшыбай және музей қорын толықтыруға үлес қосушылар,  №1 мектеп мұғалімдері, оқушылары қатысты. Акция барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Қалыбаев биыл елімізде тарихи атаулы мерекелерге орай музей ұжымының ұйымдастырып өткізген шараларының мағыналы, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталғандығына ризашылығын білдірді және Жылқаман батырдың өмір жолына тоқталып, портретін сыйға тартса, Роза Дәуітова Ұлы Отан соғысы ардагерлері Сыражадин Әспенов, Ескенов Жансүгірдің құжаттары мен суреттерін, қала тұрғыны Аманғали Әминов білімдар, діни ғұлама мешіттің бас имамы болған, араб, орыс, қазақ тілдерінде бірдей сауатты, көрнекті діни қайраткер Жанаман Ахун туралы «Жанаман және оның ұрпақтары» атты кітап, байырғы ұстаз Бижамал Жақсымбетова өзінің медальдарының көшірмелерін, зейнеткер Назира Оразаева тоқылған шекпен, Айгүл Мәмбетжанова май шам, Шалқар агралқы-техникалық колледж директоры Жеткерген Елемесұлы би,  шешен, алты Әлімнің ардақтысы, Кіші жүздің кенже биі атанған тұлға Былшық (Құтаяқ) Сейтұлының рухына арналып жасалған медальді, Ж.Жабаевтың 150 жылдығында сыйға алған домбыраны және басқа да тұрғындар көптеген жәдігерлер тапсырып музей қорының толығуына өз үлестерін қосты. Қазақ халқының атақты күйшілері бірі Қазанғап Тілепбергенұлының музыка әлемінде қалдырған шығармашылығы туралы жас ұрпаққа насихаттаушы  Жансүгіров Жұмабай ата өзінің өмірі туралы яғни 1932 жылы №13 ауылда Қамқа колхозында, Ордақонған болысында туып, Сәдуақас Балмағанбетовтен 1938 жылдары күй тартуды үйренгенін. Кейін сонау 1940 жылдардың басында ұлы күйшінің төл шәкірті Кәдірәліның қасында жүріп, күй құдіретін жете түсініп, Қазанғап дәстүрін толық игеріп, әлі күнге дейін домбырасын жанынан тастамай серік етіп жүргенін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай елордасы Астана қаласында өткен «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер»  атты республикалық конкурсқа қатыысып, 3-ші орын иеленгенін  айтып беріп күйшінің «Қосбасар» атты күйін орындап берді.
   Жыршы-жаттанды жырларды – өз нақышына келтіре орындап, ұрпақтан-ұрпаққа сол қалпында жеткізетін өнерге жаны құмар адам. Жыршылар жырды қара сөзбен, не қобыз, домбыраның сүйемелдеуімен мақамымен айтатын болған. Осындай өнер иесі шежіреге бай Шалқар өңірінің төл перзенті Алмағанбетов Қойшыбай 1936 жылы Шалқар совхозында туып-өскен, бар өмірін осы жерде өткізіп, бейнетінің зейнетін көріп отырған ақсақал қазіргі таңда бақытты қарттықта өмір сүрудемін,- деп бастады салиқалы әңгімесін. Жасы ұлғайса да тарихи жырларды жатқа білетін Қойшыбай ақсақал бала кезінен кітапты көп оқып, үлкен кісілерді көп тыңдағанын, жырларды алғашында домбырамен айтатынын, ал кейіннен қара сөзбен жатқа айтамын дей келе «Едігенің » жырынан үзінді оқып берді.
    Музей директоры Тлембаева Нағима Шенекуловна шараны қорытындылай келе     музейдің бүгінгі жетістіктері нарық заңдылықтарына бейімделген даму сатысының бірі деп бағалаймын. Алға қойылған мақсат – халықаралық музей ісімен тереңірек танысып, олардың ұлттық мұраттарымыз бен мүдделерімізге үйлесетін озық үлгілерін өмірге енгізіп, жиырма бірінші ғасыр талабына сай келетін музейлер қатарына қосылу, өлке тарихының алтын қазынасын келесі мыңжылдықтарға жеткізу жолындағы қызметтерін жалғастыра отырып, еліміздің биік руханиятын, озық мәдениетін әлемге таныту және 2015 жыл- ұлттық тарихымызды ұлықтау  және бүгінгі биіктерді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы,- деп елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей Президентіміздің сындарлы саясатын қолдаудағы, әр бастамасына үн қосудағы ісіміздің бір көрінісі «Нұрлы жол-Ұлттық тарихқа бастар жол» акцияның эстафетасын Мұғаджар аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әбдіразақов Шамшат Әміржанұлына тапсыра отырып, жаңа музей үйіне көшіп экспозициясын қайта жасақтап, жаңа экспонаттармен толықтырудағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып киелі де шежірелі Шалқар өңірінен сыйға этнографиялық бұйым тікпе текемет сыйға берді. Акция аясында Шалқар аудандық білім бөлімінің әдіскері Әлия Оспанова аудандық музей күн санап ауданның қоғамдық өміріндегі маңызды нысандардың бірегейіне айналуда. Нағима Шенекұлқызы бастаған ұжым идея ұсынушылар ретінде де таныла бастады. 2012 жылы Алматы қаласына іссапарда болғанымда Д.А.Қонаевтың музей үйінде болып, керемет әсер алдым. Экспозицияда тұрған қайраткердің тұтынған бұйымдарын көріп ерекше әсер алғандығын және содан кейін болашқ ұрпақтар үшін көне жәдігерлердің патриоттық маңызы зор екендігін терең ұғына түстім. Үйімнің бір бөлмесіне, болмаса бір бұрышына Қорғантұз орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, география пәнінің мұғалімі болған әкем Бақов Оспан Бақұлынан қалған бағалы мұрағаттарын жинақтамаққа бекіндім. Алайда, музей директоры Нағима Шенеқұлқызымен бір әңгімелесуден кейін тарихқа айналатын мұндай жәдігерлердің орны-музей екендігін түсіндім, өйткені музей-халық игілігі, ортақ қазына,-дей келіп музей қорына дүрбі, сия сауыт сыйға берді. Жаңашылдыққа жаны құмар музей директорының бастамасымен шоқ үтікті Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына тапсыруды жөн көрдім,-дейді.      
    Өз кезегінде Шамшат Әміржанұлы «Нұрлы жол – Ұлттық тарихқа бастар жол» акциясындағы эстафетаны қабылдай отырып, музейге міндеттелген жұмыстарды жан-жақты дамыта отырып, жауапкершілікпен қабылдауға ант берді және қоғам мүшелеріне, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени орталық музейдің негізгі жұмысы тарих арқылы тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани, адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеудегі еңбектеріне шығармашылық табыс тілей отырып Шалқар музейіне  «Мұғалжар» энциклопедиясын естелікке берді.
   №1 мектеп мұрағатшысы Кеңесова Гүлмираның жетекшілігімен оқушылар ән-жырдан шашу шашты.


Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи