Get Adobe Flash player

.

Көпшілік шаралар

Қала тазалығын сақтауда сенбіліктің орны зор
      Тамылжыған табиғаттың тегін де мол дүниесін игілігімізге жаратып, денсаулығымызды қалыптастыруға пайдалану бізге берілген мүмкіндік. Осы мүмкіндікті адамзат өз қолымен жасап, өз қолымен бүлдіріп жатқаны ащы болса да шындық. Олай болса таза ауамен демалып, жанымызға рахат сыйлау әр адамның өз қолында.  
    Сенбілік — әр азаматтың өз еркімен ақысыз еңбек етуі. Алғашқы сенбілік 1919 жылы 12 сәуірде коммунистердің бастамасы бойынша пайда болды.  Азамат соғысы жылдарында және қайтадан қалпына келтіру кезеңінде де жалғасын тапты. Социалистік жарыс түрінің біріне айналды. Еліміздің көркеюіне үлес қосу мақсатында  бүгінгі таңда  туған өлкеміздің тазылығына үлкен мән беру нәтежиесінде жылма-жыл көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Жалғасын тауып келе жатқан сенбілік өткен аптаның сенбі күні «Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі» бастауыш партия ұйымы А.С.Пушкин атындағы көше бойына тал егу жұмыстарын жүргізді. Болашақ үшін жасалып жатқан игі шараға топ мүшелері бастауыш партия ұйымының төрайымы  Нағима Тлембаеваның жетекшілігімен шықты. Туған қаламыздың тазалығын сақтау, көгалдандыру

мақсатында өткен сенбілікке қала әкімдігі, аудандық музей, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің қызметкерлері белсенділік танытып, топ мүшелері топ-топқа бөлініп өзара еңбек  сайысына түсіп, бір адамдай қызу қарқынмен жұмыс жасады. Мерекеге жиналғандай көтеріңкі көңіл күймен жасалған сенбілікте талдар егіліп, көше бойы қоқыстардан тазартылды. Көктемгі жасалған  еңбек   тамыз айында өз нәтежиесінің  қортындысын көрсететіні   анық. Олай болса жыл сайынғы  өтетін бұл тазалық айы қаламыз үшін игілігі мол іс болмақшы.  
   Шалқар көлі арнасына сыймай толқып жатса, жан-жағымыз жасыл желекке оранса болашаққа қалдырар байлығымыз мол болар еді. Олай болса табиғатты аялап, қолда бардың қадірін уақытында бағалап, мәңгілік елдің табиғаты мәңгілік болатындай жағдайға жеткізу үшін өз үлесімізді қосайық.  Алдағы уақытта да қала тұрғындары қаламыздың көркейюіне, абаттануына, таза болуына өз мәнінде атсалысса екен дейміз.«Әрбір адам өз үйінің алдына ағаш отырғызып, қаланың көркеюіне үлесін қосса, біздің қала жасыл желекке айналар еді!

Ә.Б.Қыдыралина
«Шалқар аудандық тарихи-
өлкетану музейі» бастауыш
партия ұйымы төрағасының
орынбасары

 


Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи