Get Adobe Flash player

.

Көпшілік шаралар

«Жас ұрпақтың ауылдың гүлденуіне қосар үлесі»

      Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені cаналады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық», «Бақ өсіргеннің бағы жанады» деп өсиет айтып кетуі тегін емес. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарағанда ғана, адамзат пен табиғаттың үйлесімділігі сақталады. Осы адамзат қолымен жасалатын үйлесімділікті ұрпақтан-ұрпаққа жалғау бәріміздің міндетіміз.

         Музей басшысының 2013 жылдан бері  ұжым алдына тәрбиелік мәні зор, еңбек етуге баулу, үнемі үстел басында отыратындарды  дала жұмысына да ынталандыру  мақсатында ғимараттың алдына гүлдер, ағаштар отырғызып, музей ауласына бау-бақша өнімдерін егу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл үлгі боларлық  жасалып жатқан  игі  бастаманың  жалғасын мектептер арасындағы байқау  нәтежиесінен көретінімізге сенімдіміз. Сондықтан  туған жердің табиғатын қорғай білуге, өзі өмір сүріп отырған әлемін  көгалдандыру, яғни экологиялық жағдайды жақсарту,   жастардың бойына патриоттық сезімдерді қалыптастырып еңбекке  тәрбиелеу мақсатында «Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі»  бастауыш   партия  ұйымының   жұмыс  жоспарына  сәйкес  партия ұйымының төрайымы Н.Ш.Тлембаеваның басшылығымен «Жас ұрпақтың ауылдың гүлденуіне қосар үлесі» атты қала мектептері арасында аудандық байқау ұйымдастырылуда. Неге мектептер арасында? Себебі: өскелең ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап біліммен қатар  еңбекке баулу  арқылы олардың болашақта  жасаған әрбір ісіне  жауапты болуға үйрету, қызығушылығын арттырып табандылыққа шыңдау,  еңбекті бағалап  жұмыс нәтежиесін  ұғына  білуге үйрету. Байқау ережесіне сәйкес жас ұрпақтың бойына Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, табиғатты сүюге, сол арқылы табиғат байлығын қорғап, аялай білуге,өздері білім алып жүрген   мектеп аумағының әсемдігімен шаттанып, емін-еркін тыныс  алатындай етіп көгалдандыру арқылы   еңбекке тәрбиелеу.


Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи