Get Adobe Flash player

.

Көпшілік шаралар

«Имандылық – ізгілік негізі»
Оқушыларға діни тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру, дінді уағыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу  мақсатында музейде «Имандылық – ізгілік негізі» атты тақырыпта «Матай Қоқанұлы» атындағы мешітінің бас имамы Нұрлыбек Такеев Панабайұлының қатысуымен тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына жоғарғы буын оқушылар, мектеп мұрағатшылары, музей қызметкерлері қатысты. Имам Нұрлыбек Панабайұлы Ислам - адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы екендігін түсіндіре отырып, Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады деп әңгімелеп берді.


Шара барысында оқушылар сұрақтар қойып, өз жауаптарын алды. Сонымен қатар музей қоры тағы бір құнды жәдігермен толықты. Ол  Османша дәуірінде жазылған арапша сөздік, «Дін мен дәстүр» атты кітаптар. Имам Нұрлыбек Панабайұлы сыйға берген «Ихтирау Кәбир» атты кітабы арабша сөздік Османша дәуіріндегі түрік тілінде. «Ғариф Әфәнди» баспасы Стамбулдан 1322 жыл хижра 21 рамадан (1904 жыл 29 қарашы) шыққан. Автор жинақтаушы: Юсуф Дия. Тәрбие сағаты мағыналы, қызықты өтті.


Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи