Get Adobe Flash player

.

Көрмелер

Көшпелі көрменің мақсаты-киелі қасиетті Шалқар өңірінің көнеден жеткен мұралары мен өнер туындыларын, батыр бабаларымыздың тұтынған бұйымдарын, құнды жәдігерлер тарихын халыққа насихаттау, ұлттық құндылықтарымыздың кешегісі мен бүгінгісін жас ұрпақ санасына терең сіңіре отырып, Отанына деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.
Көрмеге 1855-1858 жылдардағы шаруалар көтерілісіне белсене қатысқан, батыр, би, мырза атанған Қарағұл Қонақбайұлының қылышы, 1853-1858 жылдары халық-азаттық қозғалысының басшысы Есет Көтібарұлының мылтығы, Ер Едігенің ұрпағы, Ер  Есеттің үзеңгілес серігі болған, патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы  күресте  айырықшы көзге түскен батыр, би, саясаткер Әзберген Мұңайтпасұлының найзасының ұшы, қазақтың қаһарман батыры, тарихи тұлға, қоғам қайраткері Бақтыбай Төлесұлының бейітінен табылған шырағдан, Шаруалар көтерілісін басқарған, Орынбор-Ташкент теміржолын салуға атсалысқан, заманында болыс болып  сайланған би, әрі шешен Мырзағұл Шыманұлы пайдаланған жез подносы, Қыз Қосанның ақын Сары Батақұлына берген қалтасы, Кеңес Одағының батыры Ідіріс Үргенішбаевтың қамшысы, мектеп қоңырауы тағы басқа құнды жәдігерлер, батыр бабаларымыз жайындағы кітаптар қойылады. Көрмені мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысының  орынбасары  Қыдырғали Мұхитұлы  ашып  берді.

Подробнее...

Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи