Get Adobe Flash player

.

Музей құндылықтары

Мөңке би Тілеуұлы

(1675 – 1756 ж.ж.)

      Дала ойшылдары мен ақын-жыраушыларының ұлттық ой мен танымдағы ерекше орын иемденіп,  халыққа кеңінен танылуы тиіс тұлғалардың бірі.Мөңке би философияның, эстетиканың,поэзияның Асанқайғыдан бері қарайғы дәстүрлі жолын ғажайып дарынымен жалғаған ұлы ақын, көреген ойшыл, әйгілі би. Ол заманында билікке араласқан қоғам қайраткері, айтулы ақын-жырау, әйгілі би болған тұлға. Мөңке би — белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау.Шамамен 1675 жылы дүниеге келген. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт, Бөлек, Қалу, Сирақ, Мұса хан, Уақас би, Нұраддин болып жалғаса береді. Әбілхайыр хан дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған. Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би», келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын тағылымды поэтикалық жырға айналдырған жырау ретінде танылды. Мөңке бидің философиялық толғаулары, риторикалық сұрақ-жауап, болжау, билік, кесім, шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін дәл болжай білу Мөңке би шығармашылығының басты белгісі. Оның “Түрлі-түрлі халық болады‚ Күндіз-түні жарық болады… Дүниенің жүзіне‚ Өре мен темірден жол тартылады… Адам ақысыз жұмыс істемейді‚ Дүниені түрлеп кестелейді” деген толғау жолдарынан келер күнді болжаған сәуегейлік көрінеді.

Подробнее...

Шекті Жолдаяқ батыр Тлеуұлы
(1665-1684жж)

       Жолдыаяқ батыр да қазақ халқының тәуелсіздігі үшін қан төккен батырлардың бірі.Сайрам соғысында елдің азаттығы мен бостандығы үшін қаза болған. Кіші жүздің белгілі биі Тілеу Айтұлының баласы, Сайрам шайқасында ерекше ерлігімен абыройға бөленген батыр. Өзі сол шайқаста қаза табады. Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің жанында жерленді. Ұрпақтары Ақтөбе өңірінде тұрады, Түркістан қаласында әкелі-балалы Тілеу мен Жолдыаяқ атындағы көше бар.

Подробнее...

Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи