Get Adobe Flash player

.

Музей құндылықтары

Байқазақ  Жолдасбайұлы

(1839 – 1896 ж.ж.)

Тарихи деректер бойынша Байқазақ батыр 1839 жылы Ырғыз ауданы Темірастау болысында (қазіргі Калинин кеңшарында) дүниеге келген. Байқазақ батырдың туған және өмір сүрген дәуірі бытыраңқы қазақ ұлыстарын бір жағынан патшалы Ресей, екінші жағынан Қоқан, Хиуа хандықтары қыспаққа алған уақыт еді. Байқазақ батыр жас болса да, Қарабас Есет Көтібарұлы, Өмір Әзберген, Қарағұл батырлармен бірге Ресей патшалығына қарсы жорықтарға қатысқан. Байқазақ батыр – төртқараның жаншұқыр тармағынан тарайтын Қасым бабаның ұрпағы. Қасым бабаның ел аузындағы аты – Қаракісі. Байқазақ батыр бес Қасымның ішіндегі Мазасынан тарайды. Мазыдан: Қасқатай, Құмар, сары Дүкен деген балалар тарайды. Қасқатайдан: Жолдасбай. Ал Жолдасбайдан: Байқазақ, Қазақбай, Садақбай, Қаптағай, Шуақбай, Қарсақбай, Шала деген жеті ұл, Көлдей деген б»р қыз өсіп өрбиді. Жолдасбайдың балалары шетінен жауынгер, батыр-палуан, суырып салма ақын, әнші болған. Байқазақ батыр бірыңғай қара күштің адамы болған емес. Ол қайратымен бірге досқа да, дұшпанға да рахымды, ақылгөй, дана адам болған. 1896 жылы Қоңыраттан        30 шақырым жердегі Құсқана тауында дүние салған.

Подробнее...

Есет Көтібарұлы

(1803-1888жж)

          Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген шекті руынан шыққан белгілі тарихи тұлға, азаттық үшін күрескен халық батыры. 1853-1858 жылдары шекті жұртының халық-азаттық қозғалысының басшысы, 1868-1880 жылдары Ырғыз уезі бастығының көмекшісі болған. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған.  Ол  Көтібар батырдың үлкен ұлы. 1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847-1878 жылдары  Жанқожа  батырмен  бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847-1858  жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталды.

Подробнее...

Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи