Get Adobe Flash player

.

Музей құндылықтары

Арыстан батыр Тінәліұлы

(1771 – 1845 ж.ж.)

       ХХІғ. 70-80 жылдарында қазіргі Ақтөбе облысында,Ұлы Борсық құмы бойында туып, ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай патша өкіметі орындарының қазақ руларын бір-біріне айдап салып, арандатуының құрбаны болған батыр.Ресей үкіметі «дала рыцары» деп мойындаған, елінің бостандығы үшін ат үстінде жанын пида еткен, қолбасшы Көтібар Бәсенұлының немере інісі, жорықтардағы сүйеніші әрі ақылшысы. Ел аузындағы  әңгімелер, тарихи құжаттар Арыстанның  қазақ халқының  азаттық жолындағы  күресінде  өзіндік  орны бар екендігін айқын дәлелдейді. Арыстан  ағасы  Көтібармен  бірге Кіші жүз жерінде әскери бекіністер  салуды тоқтатуды, елдің жайылымдық жерлерін  тартып алуды  доғаруды патша өкіметі орындарының  алуына  ресми  мәселе етіп  бірнеше  рет қояды. Мәселе шешілмеген соң  қарулы көтеріліске шығып,Жайық,  Жем,Елек  бойындағы  орыс-қазақ  бекіністеріне дүркін-дүркін  шайқас  жасап отырған. Архив деректеріне қарағанда  Көтібар  мен Арыстан 1878жылдардың  жазында 800 –ден аса  жасақтарымен  Сырым Датұлының  қозғалысына  қосылып, көтерілістің аяғына дейін қатысады. Және одан кейін де патша  өкіметіне  қарсылығын тоқтатпайды.  Орал казактарының атаманы ,генерал-майор Д.Донсковтың 1797 жылдың 31 наурызда өкімет органдарына берген ,Есім ханның  өлтірілгені жөніндегі рапортында,  ханды өлтіруге  өзгерлермен  бірге 100-ге тарта шекті руының сарбаздары  қатысқандығын көрсетеді.  1797 жылы 6 наурызда  Жайық бойындағы  Есімнің ордасын  талқандап өзін өлтіретін  топтың ішінде  Арыстан да болған.

Подробнее...

Бақтыбай Төлесұлы

(1698-1758жж)

          Бақтыбай баба- әрі батыр, әрі би болған адам. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Тама Есет, Тайлақ батырлармен, Төле,Қазыбек,Әйтеке билермен замандас болған. Халық аузындағы жыр, аңыз-жорамалдарға және тарихи деректерге сүйенсек 1760-1770 жж. шамасында дүние салған. Батыр атағы ұранға айналған. Әлім, шекті елдерінен шыққан қазақ тарихының төрінен орын алған, атақтары ел аузында аңызға айналған Көтібар, Арыстан, Ақтан, Жылқаман, Жанқожа, Есет, Көтібарұлы, Қайдауыл, Қарағұл, Әзберген,, Байқазақ, Торайғыр, Елтізер, т.б. ғасырдан ғасырға жалғасқан Әлім елінің атақты батырлары жауына «Бақтыбайлап» шапқан, талай қамалды бұзған, жекпе-жекте қарсы батырдың басын алған.

Подробнее...

Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи