Get Adobe Flash player

.

Музей құндылықтары

Жылқаман Отыншыұлы

(1712-1796)

Жылқаман батыр - 1712-1796 жылдары өмір сүрген тарихи­ тұлға, қазақтың майталман қолбасшыларының бірі. Оның бір ерекшелігі, өз заманындағы батырлардың арасында алғаш мылтық ұстаған және өте мерген, шапшаң адам бол­ған. Кіші жүздің алты Әлімнің ішінде Шекті руының Жақайым аталығының батыры Жылқаман Отыншыұлы 1712 жылы Қызыл­орда облысы Арал ауданы Бөген елді мекенінде дүниеге келген. 1796 жылы 84 жасында дүниеден озып, Қарақалпақ жерінде Нұрата өңірінде жерленген.

Жылқаман батыр жоңғар-қалмаққа, Сыр бойын мекендеген Кіші жүз қазақтарына Қоқан, Хиуа хандықтарының шапқыншылықтарында қайтпас батырлығымен, көзсіз мергендігімен, жауды жайпап, теңдессіз ерлік көрсеткен. Жыл­қаман батыр елінің азаттығы үшін жоңғар шапқыншылығына­ және Ресей­дің отарлау саясатына қарсы шыққан сол уақыттағы Батыр сұлтан, Сырым Дат­ұлы, Құлбатыр, Сартай, Жанқожа, Толыбай, Есет, Көтібар батырлармен тізе қосып, біріне аға, біріне іні болып, талай шайқас­тарды басын­ан өткіз­ген.

 


Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи