Get Adobe Flash player

.

Музей құндылықтары

Сарышолақ шайыр Боранбайұлы

(1858-1929жж)

Жыршы, ақын, композитор. Сарышолақ Боранбайұлы өткен ғасырдың орта 1866 жылы Шалқар ауданы, Қопасор ауылына қарасты «Көпжасар жұрты» деген жерде дүниеге келген. Сарышолақ жас кезінен өнерге әуес болған. Әртүрлі аспаптарда ойнаумен бірге, шырқатып ән де салған. Арапша оқып хат таныған. Ауызша деректерге қарағанда, Сарышолақ кедей адам болған, тілі өткір, сөзі мірдей, айтысқан адамын жеңбей тынбайтын. Сарышолақ Боранбайұлы 1925-28 жылдары шамасында қайтыс болған. Сарышолақ ел жақсыларының көзіне ерте түседі. Мырзағұл Шманұлы өзіне шақыртып бірнеше жерде сынап, жақын серігі, әрі батыры, әрі ақыны ретінде дос тұтып қадірлейді. Жүрген жерлеріне ерте жүріп, ел көрсетеді, айтыстарға қатыстырады. Мырзағұлдың көкейіндегіні жыр жолдарымен жеткізе білетін майталман сұңғыла шешені болады. Көптеген жерлерге Саршолақ аты танымал болады, оның кім болса да бетке айтар жыр жолдары мен өткір сөздері халық арасында кең тарап, елді сүйсінтеді. Сарышолақтай суырып салма, төкпе ақын Тілеу-қабақ ішінде болмаған. Осы уақытқа дейін еленбей келгені – отаршылдық идеология кесірі. Мырзағұл екеуі орысқа қарсы болды деген желеу. Себебі еңбекшілерді жарылқаған кеңес үкіметі кезінде, Сарышолақтың өлеңдері шықпайды да, Қазан төңкерісіне дейін 1906 жылы Қазан қаласында өлеңдер жинағы басылып шығады. Бастырып шығаруға қаражат беріп, қол ұшын берген Мырзағұл екен. Кітап жәдид жазуымен шыққан.

 


Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи