Get Adobe Flash player

.

Музей құндылықтары

Әліби  Жангелдин

(1884 – 1953 ж.ж.)

         В.И.Лениннің тікелей нұсқауымен 1918 жылғы шілдеде Ә.Т.Жангелдин Москва түбінде Қазақстан мен  Түркістен республикасына қару-жарақ, дәрі-дәрмек жеткізу үшін интернационалдық отряд   жасақтады.Бұл отряд Каспий түбіндегі Бозащы жарты аралынан шөл дала арқылы екі ай жарым  соғыса отырып үш мың км. астам жол жүріп өткен. 1918 жылығы 11 қарашада Шалқарға келген. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет қайраткері. 1884 жылы Торғай облысы қазіргіЖанкелдин ауданында дүниеге келген. 1903 жылы Қостанай орыс-қазақ училищесін бітірген. 1905 жылы революцияға қатысқаны үшін Қазан мұғалімдер семинариясынан және Мәскеу діни академиясынан «сенімсіздер» қатарына жатқызылып оқудан қуылды. 1909 — 1912 жылы шет ел халықтарының тұрмыс-салтымен танысуды (кейбір деректерде діни уағыздарды насихаттауды) мақсат еткен. Жангелдин ЕуропаАфрикаТаяу ШығысАзия елдерін жаяу аралап, 1913 жылы Жапонияарқылы туған жерге оралады. Ел аралап, киноаппаратпен шет ел халықтарының өмірі мен тұрмысына байланысты фильмдер көрсетіп, жергілікті халықтың саяси сауатын көтеруге ықпал етті. 1915 жылы Ресей коммунистік партиясының қатарына өтіп, Қырымда астыртын революциялық қызмет атқарды. Жангелдин Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығына қарсы Торғайқазақтарының көтерілісін қолдап, Торғай қаласын қоршауға қатысты.

 


Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи