Get Adobe Flash player

.

Экспозиция

Өнер - бөлімінде  татулық  пен  бірліктің  жаршысы  болған  сазгер  Сарышолақ  Боранбайұлы, аузы от, тілі  орақ, әрі  батыр, әрі  ақын Сары  Батақұлы.  Күй  жанырында  өзгеге  ұқсамайтын, өзіндік  қолтаңбасы,  орындаушылық  дәстүрі  бар  күйші  Қазанғап  Тілепбергенұлы  және  күйшінің  көзін  көріп,  дәстүрін  жалғастырушы  шәкірттері  Кәдірәлі  Ержанов, Бақыт  Басығараев, Сәдуақас  Балмағанбетов,  Нұрболат  Жанаманов т.б. Алғашқы  мұғалімдер: Спандияр  Көбеев, Мейірхан  Орынбасаров, Хайролла  Бектенғалиев,,  Орынбай  Данияров  туралы  деректер  жинақталған. Елбасы тапсырмасы бойынша жасалған "Мәдени мұра"   бағдарламасы    аясында  халқымыз  көптеген  құндылықтарымыз  және  асыл  қазыналарымызбен  қайта  қауышты. Соның  айғағы  ретінде  біздің  өлкемізде  де  көне  тарихтың  куәсіндей  сонау  Қыпшақ  заманында  XI-XII  ғасырда  бой  көтерген  "Балғасын  күмбезінің"  жұрнағы,   миллион  жылдық  тарихы  бар,  небір  аңыздарды  бойына  сақтап  тұрған  сырлы  "Сынтас", Бозой  елді  мекенінің  оңтүстік  батысында орналасқан  төрт  күмбезді,  кірер  есігі  құбылаға  қаратылып  салынған   "Аққолқа"  бейіті  және  т.б. тарихи  ескерткіштерге  арналған  экспозиция  жасақталған. 

Подробнее...

Батырлар - бөлімінде   қазақ  елінің  астанасы  болған  қасиетті  де,  киелі  Түркістанды  жаудан  қорғаймын  деп  Сайрам  соғысында  опат  болған,  елдің  бірлігін  ту  етіп  ұстаған   Тілеу  Айтұлы, алдағы  мың  жылдығын  болжап  өткен  Мөңке  Тілеуұлы, Мырзағұл  Шыманұлы, Достан  би, "Біздің  ел  отырады Қобда  жайлап, Қоңынан  жарылады  бота-тайлақ, Әлімнің  найза ұстаған батырлары,  жауына  аттанады "Бақтыбайлап" деп, аты  ұранға  шыққан  Бақтыбай  Төлесұлы, шекті  руынан  шыққан  белгілі  тарихи  тұлға ,ұлы  жазушы  Мұхтар  Әуезовтың  "Айман-Шолпан" драмасындағы басты  кейіпкер  Көтібар  Бәсенұлы, ержүрек  батырлар  Есет-Дәрібай, Қарағұл, Әзберген, Қайдауыл, Арыстан,  Жарас мерген  туралы  тарихи  деректер  сыр  шертеді.

Подробнее...

Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи