Get Adobe Flash player

.

Есет – Дәрібай мемориалдық кешені

XIX ғ. Әлімнің Шекті руынан шыққан қазақтың белгілі батырлары Есет,Дәрібай Көтібарұлының басына тұрғызылған ескерткіш. Шалқар қаласынан 63 км. орналасқан. Бұрынғы күмбездің жобасы төрт бұрышты, төрт күмбезден өрілген. Қабырғалары әшекейленіп боялған. Күмбезді сәулетші Еспенбетұлы Қоқыштың басшылығымен салған. 1993 жылы батырдың туғанына 190 жыл толуына орай күмбез қайта жаңғыртылып, суға, желге, төзімді кірпіштен тұрғызылып, мәрмәр таспен көмкерілген. Қасына ұлт-азаттық көтерілістің көрнекті қайраткерлерінің есімдері ойылып жазылған мұнара орнатылды. Бұл мұнара Сарбұлақ мекенінен оңтүстік батыста 10 шақырым.

Подробнее...

Тоқпан мазары

Жаңақоныс мекенінен 25 км. солтүстік батыста орналасқан. Бір бөлмелі мазар шала күйдірілген кірпіштен саз лаймен өрілген. XIX ғасырдағы архитектуралық ескерткіш.Мавзолей күмбезді, тіктөртбұрышты.Күмбездің жерде жататын батыс іргесіне құлпытас қойылып, оның үстіне өмірбаяндық бағыштау сөздер жазылған. Бұл мазардаң қирамай сақталған бөлігінің биіктігі 35 м. Ескерткіш қазақтың салт-сана дәстүрі негізінде салынған жоба, композициялық тұрғыдан шешімін тапқан құрылыс болып саналады.

Подробнее...

Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи