Get Adobe Flash player

.

Балғасын  күмбезі

«Бұл не еткен жер, не еткен жер?!
Жеті жұрт келіп кеткен жер !...»

Балғасын – қазақтар мен қыпшақтар соғысқан жер. Осында байдың қызы Балғасын жауға қарсы аттанып, қаза табады. Оған арнап  XII  ғасырда сәулетті күмбез  тұрғызған. Жиһанкездердің   назарын  өзіне  қаратқан  күмбезді  тамашаламаған  саяхатшы  жоқ  деуге  болады.  Бірнеше  қатарланып  көтерілген  сан  қырлы төбесі , көк   шатырлы  теңдесі  жоқ  құрылыс  талайдың  таңдайын  қақтырған.
1901 ж. И.Хохлов  Балғасынның  сипаттамасын  жазған. Одан кейін  бірінші  ғалымдар  бұл  зиратқа  соқпай  кете  алмаған. Бұл  жерде  бұрын  қала  болған да деседі.

Подробнее...

Мырзағұл Шыманұлы
(1845-1906 жж)

 

 XVII ғасырдағы Тілеу батырдың жетінші ұрпақтарының бірі – Мырзағұл Шыманұлы  әрі би, әрі шешен, әрі бүкіл аймаққа беделді тұлға, болыс болған. Мырзағұл би - елі мен жері үшін күресе білген, халық қамын қорғаған үлкен ағайының бірі болған. Ол 1872-1879 жылдары Ырғыз уезіндегі Аралши болысын басқарған, 1878 жылы қазақ зиялыларының депутатциясы құрамында Санкт-Петербург пен Москваға барып, ІІ Александр патшаның қабылдауында болған, 1879-1887 жылдары Тілеу руының аға биі, 1891-1908 жылдары екі рет Шеңгелді болыстығына болыстыққа сайланған, Шалқар қаласында 2 кластық орыс-қазақ мектебін ашқан, 1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолын салуға белсене қатысқаны үшін Орынбор әкімшілігінен «Мақтау грамотасын» алған. Отаршылдарға жер бермеу үшін күрескені себепті 1891 жылы 15 қаңтарда болыстықтан босатылып, 6 айға сотталып, түрмеде отырып шыққан. Езгіге қарсы толқулар ұйымдастырғаны үшін екінші рет сотталып, 1908 жылы Орынбор түрмесінде отарлаушылар қолынан қаза табады. Сүйегі Орынбордағы мұсылмандар зиратында. «Қазақ совет энциклопедиясында»: «Мырзағұл Шыманұлы... 1903-жылы Біршоғыр, Шалқар станциясында басталған шаруалар көтерілісін басқарды. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, 1995 жылы Мырзағұл бидің атына Ақтөбе облысы Шалқар қаласының басты көшелерінің бірі беріліп, темір жол вокзалы алдында оған салтанатты түрде ескерткіш қойылды.

Подробнее...

Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи