Get Adobe Flash player

.

«Ұрпақ үшін тозбайтын да бітпейтін Ардагерлер – естелігі соғыстың»

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ұрпақ үшін тозбайтын да бітпейтін Ардагерлер – естелігі соғыстың» атты тақырыпта өткізілген ардагерлермен кездесу

Жазиралы Шалқар даласына көктемнің  мамыражай күндері де келіп жетті. Жер ана кең тыныстап, пенде біткен қарбалас тіршілік үстінде. Көше бойы адамдар күнделікті тұрмыс қаракетіне кіріскен...
Адамзаттың рухани қазынасын толықтыратын, тәлім-тәрбие ошағы музей маңы абыр-сабыр. Күн сәрсенбі. Әр іс сәтімен басталар деген ниетпен қолға алынған шара өтпекші. Музей үйі алдында әскери киінген болашақ ел қорғандары, омыраулары медалдарға толы ардагерлер. Мәнді де мағыналы, есте қаларлық шара өтетіні сыртқы көріністен-ақ аңғарылып тұрғандай.
   Музей есігінен кіре бере адам жігерін оятар, елге, Отанға деген сезімге толы патриоттық әуен ойнап тұр. Ауған соғысында қаза болған батырларымызға арналып бұрыш жасақталған, оның қасында әскери киінген жас ұландар күзетте тұр.
  Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына ширек ғасыр толып отыр. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде, білім ордаларында мазмұнды шаралар өткізілу толастар емес. Осындай шараның бірі – Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ұрпақ үшін тозбайтын да бітпейтін Ардагерлер – естелігі соғыстың» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші. Кештің құрметті қонақтары аталған соғыстың интернационалист жауынгерлері.

Төлеген Пірімжар Ынтаұлы, Ахметжанов Рамиль Галиевич, Жеңсікбаев Қайрат Ілдашұлы, Қосымжан Жанәділұлы және Имамадин Тұрғанбаевтың бауырлары. Сонымен қатар Мәтей Қоқанұлы атындағы мешіттің имамы Нұрлыбек Панабайұлы, қаладағы барлық мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен сол мектептерден оқушылар шақырылды. Кеш музейдің «Өнер» залында өтті. Тақырыпқа байланысты тарихи деректер мен суреттер экраннан көрсетіліп тұрды. Жүргізушілер музыка ырғағымен кешті әсерлі етіп ашты. Аталған соғыста қыршын кеткен боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып тағзым етті.
   Тарих қойнауында қалған  «жұмбақ соғыс» аталып келген Ауған соғысындағы Шалқарлық жерлестеріміздің жасампаз ерліктерін ел жадында сақталып қалуы және бүгінгі өскелең ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында аталмыш кешті осы кездесуді ұйымдастырушы – аудандық тарихи – өлкетану музейінің директоры Тлембаева Нағима алғашқы болып сөз алды. «Қанқұйлы соғыс өртіне толы Ауған соғысының аяқталғанына 25 жыл өтсе де, осы соғысқа қатысқан ардагерлерге құрмет көрсету көнермек емес. Қиыр шеттегі соғысқа олар сол уақыттағы биліктің шешімімен кетті. Ал олардың алдында бір ғана міндет болды, ол – санаға сіңген патриоттық тәрбие – Отан алдындағы борышын өтеу, қабылданған антқа берік болу еді. Олар осы соғыста өз міндеттерін абыроймен орындауды, сын сағаттарында қаһармандықтың үлгісін көрсетті»- дей келе қазіргі бейбіт заманда елге қызмет ету осындай патриоттың сезімнен ұшқындайтынын өмірдегі шынайы мысалдармен әңгімеледі.
   Отан алдындағы борышын адал орындаған, бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстанның игілігіне еңбек етіп жатқан ардагерлердің көңілдерінде сыз, жүректерінде азапты із қалса да, сол тарихытың куәгерлері. Сондықтан олар құпияға толы, жұмбағы көп соғыстың сырын және сол жылдардың өміріндегі орны қандай, қиын сәттегі бетпе-бет келген көріністер туралы, жат елде сыр айтысқан достары туралы оқушылар сұрақтары бойынша қызықты баяндап, кешті қыздыра түсті.
   Сол уақытта еліміз бейбіт тіршілігін бастан кешіріп жатқан тұста Ауған еліндегі сұрапыл соғыста қаза болғандардың ішіндегі 4-уі біздің жерлестеріміз еді. Міне, кештің екінші бөлімі осы боздақтарға арналды. Олар туралы қойылған көріністер қатысушылардың көңілдерін босатпай қоймады.
    Солардың бірі – Ә.Жангелдин қалашығындағы И.Тұрғанбаев атындағы көшедегі «Ата мен немере» арасындағы әңгіме.
   Ия, бейбіт өмір үшін өз өмірін қиған жалындаған жас жігіт Имамадин өзі тұрған көшеге өз есімінің берілерін, өзі білім алған мектепте есімінің тәрбиеге арқау боларын, Ақтөбе қаласында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш тақтаға өз есімінің орын аларын білген жоқ....
   Имамадиндей қас батырды ұлықтау өз мәнінде жүріп жатқаны
 көңілге қуаныш ұялатады.
     Ал, мына бір көрініс қатысушыларды таң қалдырды.
.... Ауғанның Ганджал шатқалында аға лейтенант Амосов басқарған топ арнаулы тапсырманы орындай барысында қиын жағдайға тап болады. Жаудың алғашқы соққысына сержант Серікбай Тұрлыбаев жетекшілік ететін топ қайсарлықпен жауап беріп, ерлік көрсетті. Өкінішке орай осы шайқаста өзі қаза болады.
    Осы оқиғаны «Ұрыс даласында» атты шығармаға сәйкес №2 орта мектеп оқушылары әсерлі етіп көрсетті. Ал, Серікбайдың ерлігін көпшілік біле бермейді. Аз уақыт бұрын ол №1 орта мектебінің түлегі деген ғана белгілі.
   Ақтөбе облысы әкімі А.Б.Мұхамедовтің басшылығымен Серікбай Тұрлыбаевтың ерлігін баяндайтын «Жауынгер – интернационалист ерлігі» және Шалқар ауданы интернационалист – жауынгерлердің естелік кітабы «Отқа оранған он жыл» атты кітаптарды кешке қатысушыларға сыйға берді. Сөйтіп, Серікбайдың есімін ұлықтаудың алғы шарты жасалды.
   Елбасының сөзімен айтсақ «Ауған соғысы, оның мән-мағнасы, қатысушы майдангер жерлестеріміз, олардың ерліктері өз мәнінде насихатталып келе ме?».
   Осы сұраққа музей директоры Нағима Шенекуловнаның өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарауының нәтижесінде атқарылған жұмыстарынан жауап тапқандай болдық. 20 жасар жігіттің біздің өңірде дүниеге келіп, мектеп бітіріп, ауданымыздағы В.И.Цеханович атындағы спорт мектебінің болашағынан үлкен үміт күттірген спортшы екенін мұғалімі Жеңсікбай Сейімбетов, ал сыныптас достары «Шалқар аудандық зейнетақы орталығы» ММ-нің басшысы Төреғали Қойшығариннің айтқан естеліктері бойынша Серікбай туралы жаңа деректер мәлім болды.
   Бұл кештің оқушы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, әсіресе әскери мамандық таңдаған балаларға берері мол болды. Оқушылар да өз пікірлерін ортаға салды. Олар өздерінің «Ауған соғысының құпия тұстары» және «жерлес жауынгерлер» туралы ғылыми жоба жазған зерттеулерін мақтанышпен баяндады. Кеш соңында музей директоры Нағима Тлембаева  әлі де беймәлім тың мәліметтердің ашылуына музей ұжымының мұрындық болатынына сенім білдірді және шақырылған ардагерлерге рахмет айтып, естелік сыйлықтар тапсырды. Кеш қонағы Мәтей Қоқанұлы атындағы мешіттің имамы Нұрлыбек Панабайұлы Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады және осындай шаралардың өтуі жас жеткіншектерді патриоттық тәрбиелеуге зор септігін тигізетіндігіне тоқталды және  2014 жылдың «Дін мен дәстүр» жылы болып жариялануына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найбмүфтиі Серікбай қажы Ораздың жетекшілігімен жарық көрген «Дін мен дәстүр»  атты кітапты кеш қонақтарына естелікке ұсынды.
     Сонымен қатар кешті жүргізген №2 орта мектебінің директоры Рита Құрманғалиқызы басқарған мектеп оқушыларына ризашылық білдірді. Қатысушылар кеш соңында естелік суретке түсіп, қуанышты сезіммен тарады.

View the embedded image gallery online at:
http://shalkar-muzei.kz/%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD/%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD-%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD/4-%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD-%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD-%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD-%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD-%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD-%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD-%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD-%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD-%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD.html#sigProIda28897c4fc


Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи