Шекті Тілеу батыр Айтұлы
(1630-1684жж)

XVII ғасырда өмір сүрген, 1681-1684 жылдары астанамыз Түркістандығана емес, күллі қазақ Ордасын қорғаған Сайрам соғысының қаһарманы. Тілеудің арғы атасы – Едіге. Едіге тарихи деректерде «Дешті Қыпшақәміршісі, Татараия императоры, Алтын Орда билеушісі» ал, халық санасында «Ел қамын жеген Ер Едіге» атанған ұлы бабаның ұрпағы. Тілеу Айтұлы ел билеген атақты би, ойшыл дана, өз заманының озық саясаткері болған. 1684 жылы Сайрам соғысында ұлтының болашағы жолында шәйіт болған. Тілеу атамызды Тәуекел баһадүр хан, Салқам Жәңгір жатқан қасиетті Қожа Ахмет Яссауи дүрбесіне жерлеген.
Ноғай ұлысының билеушісі Мұсаның ұрпағы, Мөңке бидің әкесі. Күлтөбеде Тәукені хан сайлауға, Сопы Әзизді(шын аты-жөні Әжіқожа Жәдікұлы Мүсірәлі, сопы, діндар, Керейт руынан) пір сайлауға қатысқан (сөйлеп, ұсыныс жасаған). Тілеудің Есіркеміс, Алдаберді, Жолдыаяқ, Жақсымбет, Мөңке есімді балалары болған. 1681-84 жж. жоңғарлармен болған Сайрам соғысына 17 мың қол жинап, қасына баласы Жолдыаяқ, інісі Қалдыбай батырларды ертіп барып, соғысқан. 1684 ж. Сайрам қаласын қорғаудағы шешуші ұрыста өзі де, баласы Жолдыаяқ та опат болды. Екеуінің сүйегі Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленген. Есімдері кесенедегі ескерткіш тақтада жазулы. Түркістан қаласында Тілеу, Жолдыаяқ батырлар атындағы көше бар. Кіші жүздегі рулы ел Тілеу есімімен аталады. “Тілеу-Қабақ” әні Айттан туған ағайынды Тілеу мен Қабаққа арналған. Тілеудің тікелей ұрпақтары: Қаражігіт молда Бектауұлы, Мырзағұл би Шыманұлы, Достан би Тәңірбергенұлы, Сарышолақ шайыр, Сары Батақұлы, Таразы ақын, жазушы Тахауи Ахтанов, саясаткер Марат Тәжин, т.б.»