Шалқар аудандық тарихи-өлктетану музейінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында экскурсиялық сабақ өтті.
Төл тарихты білу, өткенді құрметтеп, бүгінді бағалап, болашаққа ұмтылдыру мақсатында ұлтымыздың көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы әрбір қазақстандыққа ой салғаны анық. Өйткені өткенін мақтан етіп, бүгінін биікке көтерген, тарихы айқын, болашағы жарқын ел ғана Мәңгілік ел болмақ! Міне ,осы орайда тарихи шежірелі өлке Шалқар тарихынан сыр шертетін мәдениет ошағы болып саналатын аудандық қызметкерлеріне және экскурсияға келген Шалқар аграрлық –техникалық колледж студенттеріне мақала туралы толық түсінік беріліп, бірінші курс студенттері Н.Асылбеков, Ә.Әбдісадық, З.Дахим өз ойларын ортаға салды.