Шалқар аудандық тарихи-өлкетену музейінің директоры Н.Тлембаева бастаған ұжым қызметкерлері Шалқар қаласынан 210 шақырым жердегі Бозой елді мекенінің оңтүстік батысында 30 км қашықтықта орналасқан Аққолқа биігіндегі “Бала би” кесенесіне экспедицияға шықты. Кесене төрт күмбезді етіп кірпіштен салынған. Кірер есігін құбылаға қаратып, өте шеберлікпен салынған кесене жел құздың аздаған әсері болмаса, күмбезі бұзылмастан негізгі пішінін әлі күнге дейін сақтап тұр. Қабырғаларына түрлі-түсті бояумен ою-өрнектер салынған, аздап өшірілген. Бас есіктен кіргенде төрт есік, төрт күмбезді. Кесене бөлмелерінің ішідегі қабірлер жас баланың қабіріне ұқсас. Төрт бөліктің ортасындағы қабырғаны кірпішпен қаланған үлкен төмпешік бөліп тұр.