Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейіне Қарлығаш бөбекжай бала-бақшасының тәрбиешілері Г.Талипова, З.Білмағанбетова, Л.Нұрмашева, А.Бекмағанбетовалардың жетекшілігімен «Балапан», «Күншуақ» ортаңғы топтарының балалары экскурсияға келді.

Мақсаты: музей ұжымындағы қыз-келіншектерді келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап мерекеге арналған тақпақтарымен өлеңдерін айтып, өз қолдарымен жасаған гүл шоқтарын сыйға тарту ету.