Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. «Еңбек өмірді ұзартады» деген пікірлер де бекер емес.
Осы орайда ұзақ жылдар еңбек етіп, сол еңбектің нәтижесін көріп үлкен марапаттарға ие болған өлке тарихын насихаттауда еңбегі мен қабілеті арқылы көзге түскен «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, Әлима Балмұханбетқызының құрметіне орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде музей басшысы Нағима Шенекуловнаның ұйымдастырылуымен «Еңбегі еленген жан» атты кеш өткізілді. Кешке «Тарих халық-зердесі» атты ғылыми кеңес мүшелері, ардагерлер, туыстары және достары қатысты.