«Рухани қазына» фестивалі

4 мамыр күні Ақтөбе қаласы Өнер орталығында өткен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің облыстық «Рухани қазына» фестиваліне Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Ә.Қыдыралина мен Г.Сейлова қатысып, музейде өткізілген шаралар, экспедиция барысында түсірілген суреттер топтамасынан дайындалған жинақтар, буклеттер, кітапшалар, бағдарламалар т.б экспонаттардан көрме ұйымдастырылды және қорытынды бойынша «Музей ісін дамытудағы ұйымдастырушылығы мен іскерлігі үшін» Дипломмен марапатталып, 50 мың тенге Сертификатын иеленді.