«Рухани жаңғыру –Ұлттың Ұлы Мұраты!» атты мәдени шара барысында Кішіқұм ауылдық округінің мәдениет үйінде жиналған ауыл тұрғындарына, ұстаздар мен мектеп оқушыларына Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын насихаттау аясында музейдің кіші ғылыми қызметкері Ә.Қыдыралина баяндама жасады.
Жас ұрпаққа ерте заманнан батыр бабаларымыздан мұра болған жәдігерлерімізді насихаттау мақсатында жасақталған «Қазақ халқының ұлттық бұйымдары», «Қазақ батырларының қару-жарағы» атты көрмеге музейдің экскурсоводы Г.Сейлова шолу жасады. Көрмені ауыл тұрғындары, ұстаздар, мектеп оқушылары қызығушылықпен тамашалады.