Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында көрсетілгендей Шалқар өңірінен шыққан, қазақ жұртшылығына танымал тарлан қаламгер, заңғар жазушы Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Н.Тлембаеваның бастамасымен, №3 мектеп директоры А.Шалабаеваның бірлесуімен музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақ әдебиетінің қаламгері» атты ғылыми кеңес отырысы және әдеби кеш өтті.

Тағылымды шараның ашылуында ғылыми кеңес төрағасы Нағима Шенекуловна жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелей отырып жазушының көркем шығармаларының эстетикалық табиғатын терең тануына ықпал жасау борышымыз- деді.

Кеш барысында ұлы жазушының көркемдік деңгейі қырық қабат «Шырағың сөнбесін» романынан үзінділерді тебірене оқыған оқушылар көрермендерді әдебиет әлеміне енгізіп жібергендей әсерге бөледі.Кеш жүргізушісі Н.Әбжанов көрнекті қазақ совет жазушысы,белгілі драматург, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тахауи Ахтановтың қиын да қызықты өмірі , сыры мен сыны тұнған қайталанбас шығармашылығы туралы толық мағлұмат берілді. Ұлы жазушының шөбересі №3 мектептің 9 сынып оқушысы Жансейітов Данияр Тахауи Ахтановқа өзінің қаншалықты жақын екендігін және атадан таралу шежіресін айтты.

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшелері Т.Ахтановтың 95 жылдығына орай өткізілген шараны талқылай отырып, осы өңірде ұрпақтары бар екенін және одан әрі осы ұрпақтары арқылы тың деректер жинау керектігіне тоқталды.

Кешке аудандық мәслихат депутаттары М.Ержанов, Ж.Сейтмағанбетова, аудандық білім бөлімінің бас маманы Ж.Бекетова, музей жанынын құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшелері: ардагер ұстаздар К.Жұмағалиева, Р.Дәуітова, Ұ.Хасенова, Ж.Насанбаева, А.Қалдина «Замандас» клубының төрағасы Б.Жоламанов, №3 мектептің қазақ-тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Г.Жайылғанова және оқушылар Д..Мырзағазиев, Ф.Сағымбаев, Қ.Мейірханова, Қ.Михайлов, Д.Ахатов, Г.Ормағанбетова, Н.Аханұлы, А.Мейрамбек, М.Сағымбаева Г.Амангелдина қатысты.