«Нұр Отан» партиясы – қоғамды ұйыстыратын және Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамассыз ететін басым саяси күш.
Нұр Отан партиясының Бірінші орынбасары Асқар Исабекұлы Ақтөбеде партияның кезектен тыс конференциясында партия филиалдары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында 2016 жылы партия Төрағасының Бірінші орынбасары мен өңірлік филиалдар төрағалары арасында бірлескен меморандумға қол қойылатынын айтты.
Бастауыш партия ұйымдары- партия фундаменті. Сондықтан олардың жұмысын күшейту керек. Жыл аяғында БПҰ-ның I республикалық форум өтетінін, материалдық-техникалық базасын нығайтылып, компютермен қамтылып, ғаламторға қосылатынын және келер жылдың аяғына дейін республикадағы бастауыш партия ұйымдарының барлық мәселелерін шешу жоспарланып отыр. Ал, екінші мәселе – Елбасының тапсырмаларын, партияның жоспарларын жүзеге асыру үшін білімді, тәжірибелі, дарынды мамандардан кадрлық резервті жасақтау- партияның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар«Жас Отан» жастар қанатының да жұмысын жандандыру қажет екеніне тоқталды.
2015 жыл Бастауыш партия ұйымдары жылы болып жариялануы аясында, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының 2015 жылғы 30 қаңтарда бекіткен бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру бойынша іс-шаралар жоспарының 6-тармағынасәйкес және бастауыш партия ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатындағы «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының өткізілу қаулысына орай «Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі» БПҰ сайысқа қатысуға шешім қабылдады. Аудандық музей директоры Тлембаева Нағима Шенекуловна өзі төрағалық ететін БПҰ топ құрамындағы: “Аудандық мәслихат”, қала әкімдігі, «Шалқар аудандық тарихи – өлкетану музейі», аудандық білім бөлімі, “Қазақстан халық банкі” АҚ Шалқар аудандық басқармасы, “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” бар. Топ құрамындағы мекеме басшыларының басын қосып байқау ережесімен таныстырып және оған тыңғылықты дайындалу қажет екенін айтып, партиялық 12 жобаға тоқталды.
Аталмыш БПҰ құрамындағы партия мүшелері өз елінің патриоттары екенін көрсетіп белсенділігін таныта отырып, тыңғылықты дайындық жүргізді. БПҰ тобындағы мекемелерде 100 адам қызмет жасайды, оның 80-і партия мүшесі, 17-і 29 жасқа дейінгі жастар.
Үздік БПҰ анықтайтын байқау 3 кезеңнен тұрады, олар аумақтық, аймақтық партия филиалдары және Партия орталық аппарат деңгейінде өткізіледі. Соның алғашқы кезеңі бойынша аудан бойынша 30 бастауыш партия ұйымы арасында өтті. 24 бастауыш партия ұйымы қатысқан байқауда партиялық 12 жобаның 10 жобасы орай атқарылған жұмыстар байқау нәтижесінің бағалау әдістемесі бойынша әділқазылар алқасының оңбағалау нәтижесінде «Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі» бастауыш партия ұйымы озып шығып, екінші кезеңге жолдама алды. «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалында 21 қазан күні байқаудың екінші кезеңі өтті. Сайысқа партияның қалалық және аудандық филиалдарынан 24 бастауыш партия ұйымы қатысты. Сайыс барысында Партиялық жобаларды жүзеге асырылуы, ішкі партиялық және жастармен жұмыстар, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, өткізілген іс-шаралардың БАҚ-та жариялау бойынша атқарылған жұмыстар ұсынылды.
“Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі” бастауыш партия ұйымының төрағасы Тлембаева Нағима Шенекуловнаның басшылығымен республикалық байқауына қатысу мақсатында “НҰР ОТАН” партиясының саяси доктринасы аясында партиялық жобалар барысында атқарылған жұмыстар толық қамтылған “НҰР ОТАН. НҰРЛЫ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА!” атты 205 беттік қалың мұқабалы жинақ жарық көрді. Атқарылған істердің маңыздылары Қазақ хандығының 550 облыстық конференция өткізіліп, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына зал ашылды және мекеме ауласына бау-бақша өнімдерін егіп, алынған өнімдерді мұқтаж жандарға үлестіріліп берілуі. материалдық көмекке зәру 3 баланың атына арнайы есеп-шот ашылғандығы. Кәсіпкер Абай Ноғаев Шалқар аграрлық колледжінің 2-курс студенті Оразбаев Бексұлтан Бірмағанбетұлына, БПҰ партия мүшелерінің қолдауымен АГУ «Тарлан» колледжінің 3-курс Тағыбергенова Лаура Әліпбайқызына, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті Шерниязова Сая Жеңісқызына есеп-шоттар ашып демеушілік жасады. Аталмыш бастауыш партия ұйымы өлкеміздің тарихын насихаттау барысында аудан тұрғындарын музей мәдениетімен, тарихи кезеңдермен таныстырып, қоғамдық мәдени шараларды белсене ұйымдастырып, өлке тарихын жаңғыртып, туған мекенді көгалдандыруға өз үлестерін қосып келеді. Осындай тынымсыз еңбектің нәтижесінде аталған бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының ІІ кезеңінің І санаты бойынша 1-ші орын иегері атанып III-ші кезеңге жолдама алды. Ақтөбе облысындағы 12 аудан арасынан жетістігімен көзге түскен «Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі» бастауыш партия ұйымы аудан мәртебесін биікке көтерді.
Ақтық кезең қорытындысы бойынша тәуелсіздік күні қарсаңында Астанада «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Үздік бастауыш партия ұйымы» және «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауларының жеңімпаздарының салтанатты марапатталуына БПҰ төрағасы Нағима Тлембаева қатысты. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мырзахметов Асқар Исабекұлы БПҰ-ын Алғыс хатпен марапаттады.
«Нұр Отан» партиясының басты мақсаты – партия мүшелері арасында ішкі партиялық тәртіпті нығайта отырып, мемлекеттің дамуы мен қоғамның өркендеуіне ықпал ету және халықтың сенімін ақтау. Партия ұйымдарының алдында тұрған осындай межелі міндеттердің барлығы бастауыш партия ұйымдарының белсенді жұмыстарынан айқын көрініс табады.
Қыдыралина Әлима Балмұхамбетқызы-кіші ғылыми қызметкер