«Көп жасаған қария, ақылы теңіз-дария»

Қарияларымыздың қадір-қасиетін түсініп, қадір тұтқанымыздың дәлелі ретінде тарих қойнауынан сыр шертетін киелі орда тарихи-өлкетану музейінде мекеме басшысы Н.Тлембаеваның ұйымдастыруымен «Көп жасаған қария, ақылы теңіз-дария» атты кездесі кеші өтті. Кеш мақсаты – ауданымыздағы көргені мен түйгені көп, елі мен жері үшін терін төккен ардагерлерлерден бата алып, ой бөлісу. Кештің ашылу салтанатында сөз алған музей директоры Нағима Тлембаева қай жерде де ата-анаға құрмет көрсету керектігін, олардың жастарға ақыл айтуға да моральдық құқы бар екенін, сондықтан үлкенге әрқашан ізет білдіру керектігін атап өтті. Саналы ғұмырлары, ел үшін еткен тынымсыз еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай ауданымыздың белгілі қариялары кештің қадірлі қонағы болып, өткен күндерге орала отырып естелік қызу әңгімелерімен ой бөлісті.