Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде Салық Зимановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Отандық заң ғылымының атасы» тақырыбында лекция оқылды.
Қоғам және мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 100 жыл толуына орай Шалқар аудандық тарихи –өлкетану музейінің ұйымдастыруымен ауданаралық әділет басқармасының басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Бақытбекованың және №5 мектеп лицейінің «Адал ұрпақ» клубының мүшелерінің қатысуымен «Отандық заң ғылымының атасы» тақырыбында лекция оқылып, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, слайд көрсетілді.