Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ауғанстан — біздің есімізде»  тақырыбында облыстық семинар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай Шалқар ауданының кең көлемдегі  ірі шараларының бастамасы ретінде өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгерлердің  ерлігін  үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларды патриоттыққа, рухани адамгершілікке, Отанын сүюге,тәуелсіз еліміздің білікті де,білімді азаматтары болуға, аға буын өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай тарихи мәдени орын Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Н.Тлембаеваның  ұйымдастыруымен «Ауғанстан біздің есімізде»  тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарға Ақтөбе облысы Ауған соғысы ардагерлерінің  ассоциясы  қоғамдық  бірлестігінің төрағасы Марат Қойлыбаев,  Ақтөбе облыстық «Жауынгерлік бауырластық»  қорының  төрағасы  Гумер Галиев, менеджер  З.Набибулиналар арнайы шақырылды.  Сонымен қатар Шалқар аудан әкімі Ж.Жидеханов, қала әкімі Т.Төлегенов ,  Ауған соғысының ардагері Тұрғанбаев Имамадиннің бауырлары, шекарашы Ерлан Ниязовтың ата-анасы,  Шалқарлық ауған соғысының ардагерлері, Шалқар аграрлық техникалық колледж  ұжымы , мектеп басшылары,  музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшелері және  жас волентерлер қатысты.

Семинар барысында:

      «Ауғанда  от кешкендер» тақырыбындағы музей қорынан жасақталған көрме;

      Шалқар аудан әкімі Ж.Жидехановтың  құттықтау сөзі;

      Ақтөбе облысы Ауған соғысы ардагерлерінің  ассоциясы  қоғамдық  бірлестігінің төрағасы Марат Қойлыбаевпен  сыр сұхбат;

      Ақтөбе облысы Ауған соғысы ардагерлерінің  ассоциясы  қоғамдық  бірлестігінің төрағасы Марат Қойлыбаев, Ақтөбе облыстық «Нұр Отан» партиясы, Шалқар ауданы білім бөлімі тарапынан  марапаттар ;

      №6 ЖОББМ директоры Ж.Мусин мен Ақтөбе облысы Ауған соғысы ардагерлерінің  ассоциясы  қоғамдық  бірлестігінің төрағасы Марат Қойлыбаев арасында меморандумға қол қойылды.

Заказать диплом ВУЗа дешево Нижний Новгород. Если да, то, скорее всего, вы слышали об онлайн-образовании. диплом бакалавра или магистра по определенному предмету очень полезна во многих областях, таких как физика или английская литература, но не обязательна для