Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасы аясында 15 наурыз – «Жайлау күніне» орай қоршаған ортаны аялауға,  тазалығын сақтауға, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру мақсатында Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері мен «Қамқор вагон» депосының жастарының қатысуымен музей ауласына «Ясин» көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар  мекеме бөлімдеріне гүл түрлері отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.