№6 жалпы орта білім беретін мектептің 7 “а”сынып оқушыларына Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес «Ұлттық киім –өзіндік нышан» тақырыбында театрланған көрініс бағдарламасы өткізілді. Шара барысында оқушылар өзге ұлт өкілдерінің тарихи-мәдени ерекшеліктерін, ұлттық құндылықтарын көрсету мақсатында қазақ, орыс, үнді, түрік халықтарының ұлттық киіміне, ондағы ою-өрнек, әшекейлеріне сипаттама жасап, өз өнерлерін көрсетті.