15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай 6 жалпы орта білім беретін мектептің акт залында Шалқар аудандық тарихи — өлкетану музейінің қорынан Ауған соғысының ардагерлеріне арналған көрме жасақталып, мектеп басшылығының ұйымдастыруымен «Өшпес ерлікке — мәңгі тағзым» тақырыбында кездесу сағаты өтті. Шара барысында музейдің кіші ғылыми қызметкері Г.Сейлова көрмеге шолу жасап, патриоттық әндер шырқалып, «Әке тағдыры» атты драмалық қойылым көрсетілді.