№4 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Г.Мухамбеткалиевамен бірлескен түрде 8«А» сынып оқушыларына «Қос батырдың ерлігі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Қазақ батырларының жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы бойындағы өшпес ерліктерін жеткіншек ұрпақ жадында қалыптастырып, отан сүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау мақсатында кіші жүздің ірі тайпалық бірлестіктерінің әйгілі батырлары, әулие Жетірудың тамасынан шыққан Есет Көкіұлы мен қабақ руының шектісінен шыққан Есет Көтібарұлы туралы лекция оқылып, кітаптардан, музей қорындағы тарихи деректерден көрме жасалып, слайд арқылы экскурсия жүргізілді.