Қазақ тарихына ой көзімен қарар болсақ, «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Абылайдың ақ жолы» деген қағидалар көрініс берген болар еді. Үш жүздің басын қосқан, даналығымен дараланған қазақ хандығының 18-ші ханы Абылай ханның 310 жылдығына орай Шалқар аудандық тарихи –өлкетану музейіне келушілерге​ «Аталар сөзі – тәрбе көзі» тақырыбында лекция өткізілді. Шын есімі Әбілмансұр болғанымен кішкене кезінде Сабалақ аталып, кейіннен​ ​ төрткіл дүниеге хандық дәрежеде танылып,​ тарихта аты қалған Абылай хан туралы мәліметтер берілді. ​