21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Ақтөбе қаласындағы «Өнер орталығы»кешенінде өткен салтанатты жиында Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің онлайн форматтағы «Рухани қазына-2021» онлайн республикалық фестиваліне белсене қатысып облыстық кезеңінен жеңімпаз атанғаны үшін Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі басшысы Тлембаева Нағима Шенекуловна Дипломмен марапатталып, 50 000т сертификатын иеленді .