Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі жанынан 2020 жылы құрылған «Болашақ тарихшылар» клубы кезекті жұмыс барысында оқушыларға майлықтардан (салфетка) гүл түрлерін жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету мақсатында «Гүл ғажайып дүние» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.Түрлі-түсті майлықтарды пайдалана отырып гүл шоқтарын жасаған оқушыларға клуб жетекшісі Г.Қабибуллаева гүл жасаудың технологиясы туралы мәліметтермен таныстырды.