Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес “Дін мәселелері мен қоғаммен байланыс жөніндегі” КММ-нің теолог маманы Жұлдыз Жамбылқызының бірлесе ұйымдастыруымен Т.Шанов атындағы ЖОББМ-тің 7-11 сынып аралығындағы оқушыларына “Дін-тәрбиенің рухани тірегі” тақырыбында лекция оқылды. Оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауап алынды. Шараның өтуіне мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Сағындыққызы, мектеп психологы Айымгүл Жұбанқызы және 7-11 сыныптың жетекшілері белсене атсалысты.