Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында Ақтөбе облысының Алға, Шалқар, Темір аудандарынан шыққан ел тағдырын өз өмірлерінен биік қойған батырлары Есет Көкіұлының (355жыл), Қайдауыл Едігеұлы және қазақ тарихының белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп аты аңызға айналған дін қайраткері Досжан хазірет Қашақұлының өмірі мен ерлік жолдарын насихаттау, жастарға патриоттық рухта тәрбие беру мақсатында «…..Өзінен халық қамын бұрын жеді» тақырыбында республикалық тікелей телекөпір өткізілді. Тікелей телекөпірдің басты қонағы ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, Халықаралық педагогтар академиясының және КР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, ҚР -ның Жоғарғы Кеңесінің және парламентінің депутаты, комитет төрағасы Қазақстанның Тұңғыш сенаты, Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері. «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төрағасының 1-ші орынбасары, «Құрмет», «Парасат», «Барыс», «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының «Содружество» ордендерімен Халықаралық қауымдастығының «Интелект наци» наградасының иегері. Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы Ақтөбе облысының белгілі тұлғалары туралы нақты тарихи деректерге тоқталып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Музейлер арасында алғаш рет ұйымдастырылған республикалық тікелей телекөпірде белсене атсалысқан облыстық, аудандық музей қызметкерлері, музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшелері мен Шалқар аудандық баспасөз өкілдерінің ойлары бір арнада тоғысып, тарихи рухани азық алды. Бұл тікелей телекөпір Шалқар ауданының құрылғанына 90 жыл толу аясында өткізілген шаралардың бастамасы.