Get Adobe Flash player

.

Экспедициялар

Ойыншықтау

«Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты – ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени – тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету» - деген еді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында. Табиғи, мәдени, тарихи маңызы зор ескерткіштер барша жұртшылыққа оның ішінде жас ұрпаққа қызмет етуі тиіс. Аудан көлемінде тарихи ескерткіштер, табиғат сыйлаған сырлы ескерткіштер бар. Олар Сырлы Сынтас, Ойыншықтау, Балғасын күмбезі және тарихи тұлғалар Мөңке би, Есет Көтібарұлы, Қайдауыл Едігеұлы т.б.
Музей директоры Нағима Тлембаеваның басшылығымен музей қызметкерлерінен құрылған экспедиция Тоғыз стансасы жанында орналасқан сырлы жұмбақ әлемі Ойыншықтауға барды. Экспедиция құрамын ауыл әкімі Әбдуәли Жақанов күтіп алып жол бағытын көрсетіп, көмегін көрсетті.

Жері құмақ, өзі жұмбақ Ойыншықтау – аты айтып  тұрғандай, айналасы  небір жан-жануарлардың  немесе  басқа  да  заттардың  пішініне  ұқсас, қолға  ұстасаң едәуір салмағы бар ұсақ мүсін тастардан құралған тау. Ойыншықтаудың басында Азамат соғысы кезінде үлкен шайқас болған деседі.Ойыншықтауды тоғыздықтар «киелі жер» дейді.Тоғыз селолық округінің кітапханашысы Әбішов Жұмабайдың айтуынша ауылының  ақсақалы марқұм Ташкеней Зинолла қарияның  осы тау туралы айтқан дерегін айтқан болатын.Онда былай делінген: «Ертеректе  бір  кемпірдің  жалғыз  қызы  болыпты. Әлгі  қыз  жалғыз  өскендіктен бе,  әйтеуір  жасы  біразға  келгенше  қуыршақпен  ойнап  отыра  берсе  керек. Ал  қызының  өзімен  жасты  құрбылары  құдықтан  су  әкеліп, ас-су  әзірлеп, аналарына  қолқабыс  ететінін  көріп  жүрген  анасы  қатты  налыпты. Күндердің  бір  күнінде  қызының  бұл  қылығына  күйінген  анасы  бар  ниетімен : «Ой, құдай  бар  болса,  қолыңдағы  қуыршақтай  бол»!  деп  қарғаса  керек. Сол  ананың  қарғысы  қабыл  болып,  әлгі  ерке  қыз  Ойыншықтауға  айналыпты» делінген.
       Әрине, бұл-аңыз. Ойыншықтау туралы толыққанды дерек жоқ. «Жаһандағы жәдігерлер-ежелгі шежіренің белгісі» дегендей тау бөктерінен жинап алынған әдеуір салмағы бар ірілі-ұсақты және шөккен түйе,ұлу,тасқа қонған құс,қоян,пингвин, қоянның көжегі тағы басқа бейне тәріздес ерекше жәдігерлерді  музей қорына табыс етілді.


Алғы сөз

Сайтқа кіру/Тіркелу

Соңғы енгізілгендер

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи