1997 жылы Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Жалпыұлттық татулық және саяи қуғын-сүгін құрбандарын еске алу жылы» атты жарлығында азаматтардың рухына тағзым ету дәстүрін жасады. Содан бері жыл сайын 31 мамыр күні саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алып, іс-шаралар өткізіп келеміз. Осы ретте І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ 7«Ә» сынып оқушыларына «Зұлмат жылдардың зардабы» тақырыбында ZOOM платормасы арқылы онлайн лекция, өткізілді. Лекция барысында кеңестік қоғам тұсында жазықсыз жапа шеккен өлкеміздің абзал азаматтары турасында мәлімет берілді.