1949-1950 жылдары Шалқар аудандының «Социализм туы» газетінде аға әдеби қызметкер, 1963-1992 жылдары облыстық «Коммунизм таңы» газетін ұйымдастырып, газеттің бас редакторы болып 29 жыл адал қызмет жасаған Шалқар жерінің біртуар азаматы 90жасты алқымдаған Тауман Төреханов атамыз үшін атамекені Шалқар жері қашанда ыстық, жер жәннәті.

Осы өңірде туған белгілі журналист – жазушы, қоғам қайраткері, өлкентанушы, саясаткер Тауман Алыбайұлы Төреханов 90жылдық мерейтойы қарсаңында қызы Светлана арқылы киелі де қасиетті орын Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейіне өзінің туындылары мен естеліктерін, «Толғау» атты туған халқына арнаған есебін, марапаттары (көшірмелерін) мен естелік суреттерін музей қорына сыйға тарту етті. Музейдің жұмыс жоспарына сәйкес Тауман Алыбайұлы Төрехановтың 90жылдық мерейтойына орай «Тау тұлғалы Тауман аға» тақырыбында сыр сұхбат және музей қорындағы кітаптарынан кітап көрмесі ұйымдастырылмақшы.