Өнер — бөлімінде татулық пен бірліктің жаршысы болған сазгер Сарышолақ Боранбайұлы, аузы от, тілі орақ, әрі батыр, әрі ақын Сары Батақұлы. Күй жанырында өзгеге ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы, орындаушылық дәстүрі бар күйші Қазанғап Тілепбергенұлы және күйшінің көзін көріп, дәстүрін жалғастырушы шәкірттері Кәдірәлі Ержанов, Бақыт Басығараев, Сәдуақас Балмағанбетов, Нұрболат Жанаманов т.б. Алғашқы мұғалімдер: Спандияр Көбеев, Мейірхан Орынбасаров, Хайролла Бектенғалиев,, Орынбай Данияров туралы деректер жинақталған. Елбасы тапсырмасы бойынша жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында халқымыз көптеген құндылықтарымыз және асыл қазыналарымызбен қайта қауышты. Соның айғағы ретінде біздің өлкемізде де көне тарихтың куәсіндей сонау Қыпшақ заманында XI-XII ғасырда бой көтерген «Балғасын күмбезінің» жұрнағы, миллион жылдық тарихы бар, небір аңыздарды бойына сақтап тұрған сырлы «Сынтас», Бозой елді мекенінің оңтүстік батысында орналасқан төрт күмбезді, кірер есігі құбылаға қаратылып салынған «Аққолқа» бейіті және т.б. тарихи ескерткіштерге арналған экспозиция жасақталған.