Балғасын күмбезі
«Бұл не еткен жер, не еткен жер?!
Жеті жұрт келіп кеткен жер !…»
Балғасын – қазақтар мен қыпшақтар соғысқан жер. Осында байдың қызы Балғасын жауға қарсы аттанып, қаза табады. Оған арнап XII ғасырда сәулетті күмбез тұрғызған. Жиһанкездердің назарын өзіне қаратқан күмбезді тамашаламаған саяхатшы жоқ деуге болады. Бірнеше қатарланып көтерілген сан қырлы төбесі , көк шатырлы теңдесі жоқ құрылыс талайдың таңдайын қақтырған.
1901 ж. И.Хохлов Балғасынның сипаттамасын жазған. Одан кейін бірінші ғалымдар бұл зиратқа соқпай кете алмаған. Бұл жерде бұрын қала болған да деседі.