Шалқар ауданының білім беру мекемелерінің «Қысқы демалыс» жоспарына орай №2 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушыларын «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі Қуанышева Айкөркем тарихи орын музейге бастап келді. Оқушылар қолөнер шебері Айдос Мұратов туралы өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, музейдің экскурсия жүргізушісі А.Куанжанова жергілікті қолөнер шебері Айдос Мұратовтың өмірбаяны мен қолөнер туындылары туралы және музей қорында сақталған мәліметтермен таныстырып, «Қолөнердің хас шебері» тақырыбында лекция оқыды.